$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Солтүстікқазақстандық шаруалар ауа райы қолайлы кезде егінді жинап алмақ

AstanaTV
28.08.2015ж. 20:00
1353
Солтүстікқазақстандық шаруалар ауа райы қолайлы кезде егінді жинап алмақ

Солтүстікқазақстандық шаруалар ауа райының қолайлылығын пайдаланып, тез арада егінді жинап алмақ. Синоптиктер «келесі аптада толассыз жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін» деген болжам жасап отыр. Олар, қыркүйекте жылы күн райы тек он күнге ғана созылады, дейді. Осыған байланысты диқандар қазір танап басында күн демей, түн демей еңбек етуде.

Аққайың ауданындағы Дайындық серіктестігі астықты дер кезінде жинап алуға тырысып бағуда. Биыл олар 8 мың гектар жерге егін еккен. Әзірге оның 25 пайызы ғана қамбаға құйылды. Кәсіпорын бүкіл техниканы жаңартқан. Серіктестік мамандары ырыс дәнін былтырғыдай ысырып етпей, жиын-терімді таяуда бітіруді көздеп отыр. Биыл өңірде 4 млн 366 мың гектар жерге егін егілді. Оның 70 пайыздан астамы - дәнді дақылдар. Шаруашылықтар арзандатылған бензинмен қамтамасыз етілген.

Ринат Губайдуллин, серіктестік бригадирі:

Қазіргі кезде екі мың гектарды құлатып қойдық подборға. Енді 500 гектар сенажға зерносмесь дайындап жинап алдық. Гектарына 20 ц шығып жатыр, ол сенаж. Бидайды бүгін көреміз, қалай беретінін. Отыздан кем бермейді деп, ойлап отырмыз. 

Бағлан Мауытов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:  

Егін жақсы болуы тиіс. Бірақ нақты болжам жасау әлі ерте. Себебі ауа райы кедергі келтіруі мүмкін. Облыста 9 мыңға жуық комбайн бар. Оның 30 пайызы - жоғары өнімді. Мұндай техниканың көп болуы егінді тез арада жинап алуға мүмкіндік береді. 

Абзал ҚҰРМАНКИН