Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодар облысында екпеден бас тартқан ата-аналар саны жыл санап артуда

AstanaTV
28.08.2015ж. 20:00
819
Павлодар облысында екпеден бас тартқан ата-аналар саны жыл санап артуда

Павлодар облысында екпеден бас тартқан ата-аналар саны жылдан жылға артып барады. Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпарға сәйкес, биыл 1308 адам вакцина қабылдауға келісімін бермеген. Айта кетері, былтыр бұл көрсеткіш 1048 болатын. Сөйтіп, бір жылдағы орташа өсім 20 пайызды құрады,- деді мамандар.

Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде егілмеген баланың ағзасы түрлі жұқпалармен күресуге дәрменсіз келеді. Бұл жерде сырқаттың асқыну жағдайы жиі кездеседі. Сонысымен қауіпті де. «Сондықтан вакцинация мәселесіне келгенде, ата-аналар баласының болашағын ойлап, оң шешім қабылдауы қажет», - деп санайды ақ халаттылар. 

Айгүл Мұқышева, Павлодар облысының бас педиатры:

Екпе қабылдаудан бас тартатын адамдардың көбі, дәлірек айтсақ, 70 пайыздайы жеке басының ұстанымына байланысты мұндай шешім қабылдайды. Ал 3 пайызы иммундік-биологиялық препараттарға сенбегендіктен, вакцинацияға келіспейді. Егілмеген баладағы жұқпа асқынып кетуі мүмкін. Кейде тіпті өлім жағдайына да әкеледі.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ