Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Айдын Айымбетов ғарышқа аттанды

AstanaTV
02.09.2015ж. 13:00
1935
Айдын Айымбетов ғарышқа аттанды

Бүгін - қазақ елі үшін тарихи күн. Экипаж құрамындағы қазақ ғарышкері бар зымыран Астана уақыты бойынша сағат 10-нан 37 минут өткенде көкке көтерілді. «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышта отандасымыздан бөлек тағы 2 ғарышкер бар. Атап айтар болсақ, экспедиция құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер - Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен қазақстандық ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов бар.

Зымыран-тасығыш халықаралық ғарыш станциясына екі тәуліктен соң жетеді деп күтілуде. Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жерге он күннен соң оралмақ. Оған дейін ол бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар жобаларды іске асыруы тиіс. 

Игорь Комаров, РФ Ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның бас директоры:

Екі күннен соң ғарыш кемесі станцияға қосылады деп күтіп отырмыз. Яғни жұма күні ғарыш кемесі стансамен түйіспек. Халықаралық ғарыш станциясында бес мемлекеттің тоғыз өкілі бірге жұмыс жасайды. Бұл халықаралық жоба біздің халықтардың қарым-қатынасының шынайы әрі ашық екенін дәлелдейді.