Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

О.Өксікбаев : АХҚО жобасы құрдымға кетсе, Қазақстан 56 млрд теңге салықтан қағылады

AstanaTV
04.09.2015ж. 20:00
1156
О.Өксікбаев : АХҚО жобасы құрдымға кетсе, Қазақстан 56 млрд теңге салықтан қағылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жобасы құрдымға кетсе, Қазақстан 56 млрд теңге салықтан қағылады. Қаржы орталығына қатысты заң жобасын талқылау кезінде депутат Омархан Өксікбаев осылай деп алаңдаушылық білдірді. Мәжілісмен осыдан 10 жыл бұрын Алматыда қаржы орталығын құру идеясының сәтсіздікке ұшырағанын еске салды. Заңды әзірлеген азаматтардан жобаны іске асыруға нақты кімнің жауапты екенін білмекке тырысты.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Құдайдан тілемейміз, болғанын қалаймыз. Үш жыл ішінде 56 млрд салық жоғалтайын деп отырмыз, сіздердің есептеріңіз бойынша. Мынадай тапшы дағдарыс кезінде біз соған барамыз, салықтан айрылып, жеңілдіктер жасап, орталық құрып. Тағы да жүрмей жатса, соншама жеңілдік беріп, салығымыздан айрылып жатса, осыған кім жауап береді?

Нұрлан Құсайынов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

Мы на 50 лет давая налоговые преференции, должны обозначить ту сумму, которая гипотетически не попала в бюджет. - Я вас перебью, но эти здания, которые после ЭКСПО мы будем передавать, это бесплатно? - Да, это переходит в управление центра, но…. - Это же не за счет денег центра построено? Это чисто бюджетные деньги, мы знаем все. И сколько стоит тоже знаем. - Это действительно собственность государства, но что было бы, если бы не было центра?

Жобаға кімнің жауапты екендігін Ұлттық банктің өкілі ақыры ашып айта алмады. Тек идеяны іске асыру үшін, бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Еске салайық, «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Экспо-2017» көрмесі аяқталған соң, көрме кешенінде бірден жұмысын бастауы керек. Тиісті бұйрыққа мамыр айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Қаржы орталығындағылар ерекше құқықтық мәртебе ие болмақ  және визасыз режимде жұмыс істейді. Құжаттар тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Оған қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер беріледі. Халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның сот жүйесіне бағынбайды. Мұндай институт елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады деген үміт бар.

Мөлдір ДЮСЕКИНА