Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Владимир Путин бір жылдық бюджетті қолдайды

AstanaTV
04.09.2015ж. 20:00
1184
Владимир Путин бір жылдық бюджетті қолдайды

Ресей президенті Владимир Путин бір жылдық бюджет жобасына көшуді қолдайды және Мемлекеттік думаға ұсыныс жасамақ. Оның айтуынша, бұл қисынды қадам, себебі әлемдік нарықты бағу қазір тым қиындып кетті, деп жазады «Интерфакс».

Мұндай бастаманы көтеруге мұнай бағасының тұрақсыздығы себеп болып отыр. Соңғы бір жыл ішінде қара алтын құны 106-дан 48 долларға дейін құбылғаны белгілі. Шикізатқа тәуелді Ресей экономикасы үшін бұл ауыр соққы болды.
Мұндай жағдайда экономикалық ахуалды үш жыл бұрын болжауға Үкіметтің шамасы келмейді. Айта кетейік, бұған дейін Ресей үш жылдық бюджет жобасы бойынша жұмыс істеген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ   

Алдыңғы жаңалық