Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте жүк пойыздары соқтығысып қалды

AstanaTV
08.09.2015ж. 13:00
1099
Шымкентте жүк пойыздары соқтығысып қалды

Шымкентте екі жүк пойызы соқтығысып қалды. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат бестер шамасында орын алған. Апат қала сыртындағы Қызыл сай стансасы маңында тіркелді. Теміржол тұйығында маневр жасау кезінде екеуі бір жолға түсіп қалған. Салдарынан маневр тепловозы мен 4 вагон теміржолдан шығып кетті. 


Аударылған  вагондардың біреуіне көмір тиелген болса, өзгесі бос. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттан зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, төтенше жағдайдан өзге  пойыздар қозғалысына ешқандай кедергі келген жоқ. Апат салдарын жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен «ҚТЖ» компаниясына қарасты жөндеу-қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ