Веложарыстан Вуэльта
көпкүндігінің 17-ші кезеңі артта қалды. Спортшылар 38 шақырымдық жекелей сында бақ сынаған. Кезеңнің жеңімпазы
болып Тома Де Молино атанды, ал «Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару
мәреге Нидерланды спортшысынан 1 минут 53 секунд кеш келіп, нәтижесінде үздік
ондықты түйіндеді. Жеңімпаздың «қызыл жейдесіне талас» өзгере қойған жоқ. 25
жасар италияндық спортшы әзірге Де Молинодан 3 секундқа қалып келеді. Биыл
70-ші рет өткізіліп отырған Вуэльта бәсекесінің аяқталуына әлі 4 кезең бар
екенін ескерсек, «Астана» капитанына әлі жалпы есепте топ жаруға мүмкіндік
жетерлік.