Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада кинотеатрдағы сатушы қызды тепкен ер адам ұсталды

AstanaTV
15.09.2015ж. 13:00
905
Астанада кинотеатрдағы сатушы қызды тепкен ер адам ұсталды

Астанадағы сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрда сатушы қызды аяусыз тепкен ер адам ұсталды. Бұл туралы елордалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейнекамераға түсіп қалған ер жігіттің ерсі қылығы әлеуметтік желілерді аралап кетті. Зардап шеккен сатушы дереу полицейлерге хабарласқан.

Ұсталған 1993 жылғы азамат екен. Ол сатып алған сусынның сапасына көңілі толмай, сатушы заңға қайшы әрекет жасады деп хабарлаған. Қазір бұл дерек бойынша Есіл аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Берік ХАСЕНОВ 

Алдыңғы жаңалық