Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жадыра Құлмамырова мен оның 1,5 жасар қызының денсаулығы оңалды

AstanaTV
23.09.2015ж. 10:00
1761
Жадыра Құлмамырова мен оның 1,5 жасар қызының денсаулығы оңалды

Алматыда екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып, соңынан өзі секірген Жадыра Құлмамырова мен оның 1,5 жасар қызының денсаулығы оңалды. Енді олар жақын арада ауруханадан шығарылады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. Олардың ауруханада ем-дом қабылдап жатқанына 17 тәуліктен асты.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы:

Түскенде комада түсті. Содан бастап барлық тексерулер жүргізіліп, операция емес, бас ми көрсеткішіне консервативтік ем қолданылды. Шоктан шығаратын антибактериалды дәрілер беріліп, ми жұмысын қадағалау арқасында жағдайы жақсарып, жас бала өзінің есінде. Консервативті режимде постельный режимде жатыр мамасы да, өз есінде, жағдайы жақсарып келе жатыр, науқасты ертең консилиум болу керек, шығару мәселесі қаралады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 қыркүйекте, Алматыдағы Сәтбаев және Бауман көшелерінің қиылысындағы баспаналардың бірінде болған еді. 33 жастағы әйел өзінің екі кәмелет жасына толмаған қыздарын 5 қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен лақтырып, артынша өзі де секірген. Салдарынан 8 жастағы Айша Көкенай оқиға орнында көз жұмды, ал 1,5 жастағы бүлдіршін мен оның анасы көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бостандық ауданының 2 аудандық соты Жадыра Құлмамырованы 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 33 жастағы келіншекке қатысты Қылмыстық Кодекстің екі бабы, яғни «адам өлімі» мен «қылмыстық іске итермелеу» бойынша іс қозғалған. Қазір палата сыртында полиция жасағы да оларды күні-түні күзетіп тұр.