Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

БҚО Құрбан айт тойлануда

AstanaTV
25.09.2015ж. 10:00
820
БҚО Құрбан айт тойлануда

Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы да, Құрбан Айт мерекесін кең көлемде атап өтуде. Әдетте, Алланың үйінде таңмен Айт намазын оқып, құрбан шалып, молдалардан уағыз тыңдағасын үйіне кері қайтатын жамағат орталық алаңға жиылды. Мұнда қала тұрғындарына арналып, ақ шаңқан киіз үй тігіліп, күміс көмей әншілер әннен шашу шашты. Ал палуандар күш сынасты.  

Боз кілемде мықтылығын сынаған балуандар мен арқан тартысқан спортшылардың өнерін тұрғындар тапжылмай тамашалады. Тақыр жерде асық атқан мергендер, қол күрестірген алыптар мен тоғызқұмалақ шеберлерінің өнері елеусіз қалмады, өзгелерден озық шыққандарға бағалы сыйлықтар табысталды. Тек Наурыз мейрамында тегін таратылып келген, көже мен бауырсаққа таласқан балалардың өз қызықтары өздерінде. Ал ұйымдастырушылар бұл мерекені тек діни рәсімдермен шектемей, жалпыхалықтық деңгейге көтеру керек дейді.

Кенжегүл Ахметова, Мерекелік шараны ұйымдастырушы:

Биыл біз өзіміздің Айт мейрамын тек қана бір ғана мепшіттің алдында шектеп қоймай, жоғары деңгейде өткізіп, мейрамымызды жылма-жыл жоғары деңгейге көтеру мақсатында өткізіп отырмыз.

Еркін КАРИН