Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарлық депутат мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші құқығынан айрылды

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1026
Павлодарлық депутат мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші құқығынан айрылды

Керекулік депутат мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізушілік құқығынан айрылды. Павлодар қаласының ауданаралық әкімшілік сотының сайтында, «азамат Петр Вырвинскийге қатысты әкімшілік іс өндіріске алынып қаралды», деген ақпарат жарияланды.

Соттың дерегінше, полицейлер шаһар көшелерінің бірінде  жеңіл көлікті тоқтатады. Оны тексерген кезде  жүргізушінің ащы суға сылқия тойып алғаны анықталған. Арнайы жасалған медициналық сараптама қорытындысы мұны растады. Сондай-ақ көлік тізгіндеген азаматтың депутат екені де белгілі болған. Бірден әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберіледі.

Айта кетейік, 51 жастағы Петр Вырвинский - қалалық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Жұмажан Ерболат, Павлодар қаласы әкімшілік сотының баспасөз хатшысы:

Сот ұсынылған айғақтар мен сараптама нәтижесіне қарап, азаматты кінәлі деп таныды және үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Әсемгүл МҰХИТОВА