$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батыс Қазақстан облысында аттестациялаудан 52 мектеп өте алмай қалды

AstanaTV
03.02.2014ж. 20:00
1332
Батыс Қазақстан облысында аттестациялаудан 52 мектеп өте алмай қалды

Батыс Қазақстан облысында аттестациялаудан 52 мектеп өте алмай қалды. 5 жылда бір рет жүргізілетін аттестация кезінде білім ордаларының материалдық-техникалық жағдайы, шәкірттердің білім деңгейі, оқу сапасы тексерілген.


Облыстағы 129 мектепті тексеру кезінде кей мектептерде мамандар тапшылығы анықталды. Әсіресе, бұл жағдай ауыл мектептеріне тән. Олардың тең жартысынан астамы шағын жинақты мектеп болғандықтан, математика, физика, химия, биология пәндері мен бастауыш сынып оқытушылары жетіспейді. Сағат саны аз болғандықтан, мардымсыз жалақыға бола, жас мамандар да ауылда тұрақтамайды екен.

Сондықтан, арнайы педагогикалық білімі жоқ екі адамның мұғалімдік қызметте жүргені анықталыпты. Қызметінен кінәрат табылған мектептердің басшыларына орын алған кемшілікті түзеу үшін жарты жыл уақыт берілді.

Светлана Бахишева, Батыс Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің жетекшісі:

Лауазымды тұлға 20 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, заңды тұлға болатын болса, онда 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Және заңды тұлғаға қолданылған жағдайда мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылады. Әрине, уақытша тоқтату жаз айларына келмейді. Ол оқу кезінде келеді уақытша тоқтату. Яғни мүмкіндік бола түседі түзетуге.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА