10 күнге жуық комада жатып, қайтыс
болған павлодарлық бүлдіршінге қатысты іспен құқық қорғаушылар айналыспақ. Асқазаны
шайылып, ізінше миы ісініп ес-түссіз хәлге түскен 2 жасар Минсұлу кеше көз
жұмған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері
бұл оқиғаның бүге-шүгесін тексеру үшін іс Павлодар облыстық ішкі істер
департаментіне өткізілгенін хабарлады. Ал, анасы Расима Шәкенова сап-сау жүрген
баласының аяқ асты тілге келмей көз жұмуына дәрігерлер кінәлі деп отыр. Өйткені,
ақ халаттылар жүрегі айнып, құса берген бүлдіршіннің асқазанын тазартып, клизма
қойған. Бұдан соң науқастың жағдайы тым
ауырлап кетеді. Бірер сағатта Минсұлу 4-ші деңгейдегі комаға түскен.
Кейіннен белгілі болғандай, миына су
жиналған екен. Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті өкілдері тексеру кезінде асқазан тазалау
техникасының бұзылғаны анықталды, деп отыр.
Илхам ИБРАГИМ