$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Алматыда Чернобыль апатының зардабын жоюшыларға арналған ескерткіш ашылды

AstanaTV
26.04.2016ж. 20:00
2209
Алматыда Чернобыль апатының зардабын жоюшыларға арналған ескерткіш ашылды

Бүгін Чернобыль АЭС-індегі техногендік апаттың зардабын жоюшыларға арналған ескерткіш ашылды. Ол апаттың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жаңа нысан Байтұрсынов және Жамбыл көшелерінің қиылысындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы саябақта бой көтерді. Оның биіктігі 4,5 метр, ені 4 метрге жуықтайды.

Еске салайық, ядролық апаттың салдарын жоюға Қазақстаннан 32 мың адам аттанған. Бүгін олардың біразы осы жерге келді.

Әміржан Бексүгіров, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы:

Он бес республика бәріміз туыс-бауыр сияқты болғанбыз. Содан кейін военкомат атынан шақырды елді қорғауға. Бауырлас Белоруссия, Украина - бүкіл одақтан болдық, айтқан тапсырманы орындадық. Біздің артымызда қалған жас ұрпақтар үшін, немерелер үшін, сендер үшін жанымызды аямай қатыстық Отан қорғау жолында.