Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мұнай бағасы 46,5$ жетіп, жылдық рекорд орнатты

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1351
Мұнай бағасы 46,5$ жетіп, жылдық рекорд орнатты

Бүгін мұнай бағасы жыл басынан бергі өзінің шарықтау шыңына көтерілді. Brent маркалы мұнай баррелі 46,5 долларға саудаланды. Бұл, тиісінше, ұлттық валюта құнына да әсер етті. Теңгенің айырбас бағамы 332-ге дейін төмендеді. Қара алтынның бүгінгі құны өткен жылғы көрсеткіштерден 21,6 пайызға жоғары.

Экономист Сергей Смирнов баға өсімін бірнеше себеппен сабақтайды. Соның бірі - Қытайдың мұнай қорын өсіруі мен жергілікті МӨЗ-ның шикізатқа жоғары сұранысы. Ал ең басты себеп - ОПЕК-ке мүше емес мемлекеттердің мұнай өндірісін тәулігіне 700 мың баррельге қысқартуы туралы қауесет, - дейді сарапшы. Алайда бұл үрдіс ұзаққа созылмайтын көрінеді.

Мұнай бағасының өсуі ұлттық валюта қуатына оң ықпал етеді. Ал егер де ОПЕК мұнай өндірісі көлемін тежеу туралы келісімге келмесе, баға құлдырауы өзімен бірге теңгені де төмен тартады. Мұнай баррелі біраз уақыт 44-45 деңгейіне тұрақтауы мүмкін. Менің ойымша, ОПЕК ымыраға келе алмай, баға төмендейді. Әлемдік нарықты сұраныс пен ұсыныс емес, алып-сатарлар реттеп отыр. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ