Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры - 1 миллиард теңгенің иесі жоқ

AstanaTV
10.02.2014ж. 20:00
1458
Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры - 1 миллиард теңгенің иесі жоқ

Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры шалыс басты: бақандай 1 миллиард теңгенің иесі жоқ. Қарттықта қалта толы зейнетақы алу үшін бейнеттеніп жүрген талай жан осылайша заңды ақшасынан қағылып отыр. Елдегі жеке қорларды біріктіріп алған алып мекеме неліктен ағаттыққа бой алдырды? Сан мыңдаған адамның сеніміне басталмай жатып, сызат салған Бірыңғай зейнетақы қоры туралы тілші толықтырады.


Жылдар бойы тер төгіп, тірнектеп жинаған тиындарыңыз қайда? Зейнетақы қорыңызды қаншалықты жиі тексеріп жүрсіз?

Елдің әр аймағындағы тұрғындарға біз осы сауалды қойдық...

Білмейді... Халықтың басым бөлігі бейнеттеніп жинап жатқан зейнетінің қай қорда қордаланып тұрғанын білмейді. Үкімет те бейхабар, салымшылардың қаржысына қатысты сан сауалдың жауабына келгенде, үнсіз. Бақандай 1 миллиард теңге қаржының иесі жоқ.


Руслан Ерденаев, БЖЗ қоры басқарма төрағасының орынбасары:


Қазіргі уақытта ол шоттардың иелері әлі табылмаған. Бұл сома Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Қор бұл тұлғаларды жеке тұлғалар мәліметтерінің бірыңғай мемлекеттік базасымен сәйкестендіреді. Сәйкестендіруге келмеген жағдайда, бұл есеп-шоттағы ақша мемлекеттік бюджетке аударылады.


Руслан Ерденов мырза қордаланған қаржының бір тиыны да жоғалмайды дейді. Ал уәде берілмей жатып, 1 миллиард теңгенің иесі із - түссіз кетіп отыр. Елдегі орташа айлық 108 мыңға енді жеткенін ескерсек, бұл қор бір емес, мың кісінің тірнектеп жиған қазынасына қол салғалы тұр. Салымшы табылмаған жағдайда, қаржы мемлекет қазынасына құйылады. Елдегі белді экономист сарапшылар бюджет үшін мардымсыз, ал Қазақстан азаматы үшін құнды қаржының тағдырын бұлайша жеңіл шеше салуға болмайды дейді.


Досым Сәтпаев, саясаттанушы:


Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры өз жұмысын өткен жылдың тамызында бастады. Бүгінде бұрынғы тоғыз зейнетақы қорының алтауы активтерін Біртұтас қорға тапсырды. Олар: "Республика", "Отан", "Капитал", "Атамекен", "Астана", "НефтеГазДем". Енді "Грантум", "Ұлар Үміт" және "Халық банк" қорлары 1 сәуірге дейін бүкіл дербес зейнеткерлік есеп-шоттарды тапсырады.



Зейнетақы қорын таңдау құқығынан қағылған салымшы енді жалғыз сауалға алаңдайды. Құмға сіңгендей жоғалған бүгінгі 1 миллиард теңгенің иелері сияқты, жылдар бойы жиған қаржының талан-таражға түспеуі.


Сымбат МОЛДАТАЙ