Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сочиде қазақстандық спортшылар әзірге жеңіс тұғырынан көріне алмады

AstanaTV
11.02.2014ж. 10:00
809
Сочиде қазақстандық спортшылар әзірге жеңіс тұғырынан көріне алмады

Қазақстандық спортшылар бүгін Сочиде спорттың бірнеше түрі бойынша өнер көрсетпек.

Атап айтар болсақ, алғашқылар қатарында шаңғышылар шықпақ. Квалификациялық жарыстарда еркін спринтте әйелдер арасында Татьяна Осипова және Елена Коломина ел намысын қорғамақ. Кейіннен дәл осы жарыс түрі бойынша Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рагозиндер сайысқа түседі.

Коньки тебу спортында бүгін 500 метрлік жүгірісте Екатерина Айдова өнер көрсетпек. Ал бір орындық шана жарыстарында Елизавета Аксенова шықпақ. Олимпиадалық құрама атынан биатлон бойынша Елена Хрусталева және Дарья Усанова сайысады деп күтілуде.

Жалпы бүгінде олимпиада басталғалы 5 күн өтті. Алайда қазақстандық спортшылар әлі де жеңіс тұғырынан көріне алмай жүр.

Әлия ӘШІМ