Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«ЭКСПО» ісіне қатысты сот отырысында қос экс-директор өзара дауласты

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
1242
«ЭКСПО» ісіне қатысты сот отырысында қос экс-директор өзара дауласты

Ал ЭКСПО қаражатын жымқырды деп айыпталғандар соты бүгін де жалғасты. Ұлттық компанияның экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев сот алдында жауап берді. Ол, «Қажымұрат Үсеновтің сотта берген жауабы шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеді.

Үсенов «техникалық бақылау келісімі тағы бір айыпталушы Сейітов басқаратын компаниямен емес, өзгесімен жасалғанын естігенде, Ермегияевтің қатты ренжігенін Баркинхоев маған өз аузымен айтты» деп түсінік берді. Бір бірінің жауабын жоққа шығарған қос экс-директор өзара дауласып, залда кішігірім дүрбелең туды.

Бұл іс бойынша 24 адам ұсталып, жауапқа тартылып жатыр. Істің басты фигуранты "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев аса ірі көлемде пара алды, мемлекет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отыр. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА