Қазақстанның басым бөлігінде аяз
қайтадан күшіне мінді. Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына
сабақ тағы өткізілмей қалды.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін
еліміздің шығысында және орталығында 30-35ºС-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста
15-20 дейін, кей жерлерде 25-30ºС аязға дейін төмендейді. Қазақстанның
солтүстік, шығыс және орталық облыстарында аяз 40ºС-қа дейін күшеюі мүмкін.
Сәкен ӘБДИЕВ