Гонконг соты Әблязовқа қатысты
компаниялардың активтерін бұғаттады, - деп хабарлайды «Саут Чайна морнинг пост»
газеті.
Белгілі болғандай, сот шешімі бойынша
қашқын банкир «Каз Ойл Астана Груп» және «Максрей логистика» компанияларының
активтері мен акцияларына қол тигізе алмайды. Кейбір ақпар бойынша, Әблязов
аталған компанияларға тікелей байланысы бар көрінеді, тіпті экс-банкир оларды
бақылап отыруы мүмкін деген болжам бар.
Әблязов 1998 жылдан 1999 жылға дейін
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі қызметін
атқарған. 2005-2009 жылдары ол БТА банкінің
директорлар кеңесін басқарған.
Ал 2009 жылы Қазақстан және Ресей
тарапы оған қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырған деген айып тағып, оны
тұтқынға алуға ордер берілген. Ресей 5
миллиард доллар, ал украиналықтар 400 миллион доллар сомасына заңсыз
операциялар жасады деген айып таққан-ды. Бұдан кейін кәсіпкер халықаралық
іздеуге салынған болатын. Қашқын банкир 2013 жылдың жаз айында Францияда
құрықталды. Ағымдағы жылдың қаңтарында Франция соты Әблязовты Ресей және
Украинаға экстрадициялау туралы шешім шығарды.
Жұрағат БАМАН