Қызылорда облысының әкімдігі
тұрғындарға су тасқынынан келген зардап өтемақысын толықтай өтеп бермек.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, әкім су
тасқынының алдын алуға қатысты селекторлық жиын өткізіп, жауапты тұлғаларға
тиесілі тапсырмалар берді. Тұрғындармен
жүздесуде ол: «Қазіргі таңда өзен жиегінен шыққан жоқ. Алаңдайтын себеп те жоқ.
Комиссия залалдың мөлшерін анықтауда. Ауданда екі үй апатты жағдайда тұр.
Оларға да көмек көрсетіледі. Қаржылай қиыншылықтар болмайды», - деп сендірді.
Жалпы бүгінде Жаңақорған ауданында су
тасқыны қаупі байқалмайды. Мамандар Қаратау
етегінен түскен көшкінді жайылымдарға бағыттауда.
Жұрағат БАМАН