Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасының кезекті тур ойындары өтті. Бұл сында Череповец қаласының «Северсталь» клубына қонаққа барған елордалық «Барыс» 2-1 есебімен есе жіберді. Бұған дейін Ари Пекка Селин шәкірттері «Атлант» және «СКА» хоккейшілерінен ұтылған. Өзге де спорт жаңалықтары Самат Қанағатовтың топтамасында.
Еліміздің Дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі агенттігінде
кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Бас қосуда үш мәселе қарастырылды.
Аймақтағы спорт басқармасының басшылары 2013 жылды қортындылап, Жылқы жылындағы
жоспарымен бөлісті. Күн тәртібінде талқыланған басты мәселе жуырда Ресейдің
Сочи қаласында өткен олимпиада ойындары. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі жарыстан
Қазақстан құрамасы бір қола медальмен оралды. Спортшылардың өнеріне қортынды
жасаған еліміздің бас спортшысы Тастанбек Есентаев былай деді.
Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік
төрағасы:
Медальдар жағынан біз өізімге алған міндеттемені орындай алмадық. Оны біз
мойындаймыз. Спортта бап шабама, әлде бақ шабама деген бар. Сондықтан жіберілген
қателіктерге сараптама жасалып, осы наурыздың 14-де үлкен жиналыс өтеді. Сол
жиналыста біз қалай жұмыс жасауымыз керек. Қателіктермен жұмыс жасайтын
боламыз.
Тағы бір мәселе бұқаралық спортты дамыту. Елбасы қойған тапсырма бойынша
2020 жылы бұқаралық спортпен шұғылданатындардың саны 30 пайызға жету керек. Осы
орайда мемлекеттік бағдарлама аясында спорт нысандарының қазіргі жағдайы мен
салауатты өмір салтын қалыптастыру жоспары талқыланды.
Самат ҚАНАҒАТОВ