Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Бүгіннен бастап Ресейде ішімдіктің бағасы артады

AstanaTV
11.03.2014ж. 10:00
1069
Бүгіннен бастап Ресейде ішімдіктің бағасы артады

Ресейде бүгіннен бастап арақ, коньяк, бренди сияқты ішімдіктердің бағасы көтеріледі. Бұл Ресей алкоголь өнімдерін реттеу ұйымының «Бөлшек сату бағасын көтеру туралы» Жарлығына сәйкес іске асады.

Орташа есеппен Ресейде бір жарым литрлік бөтелкедегі алкогольдің бағасы 50 рубльге қымбаттады. Мәселен, коньяк 280 рубльден 322 рубльге көтерілді. 2014-жылдың 1 тамызына тағы да бағаны өсіру жоспарланып отыр: бөлшек саудасымен сатылатын арақтың бөтелкесі ең аз дегенде 220 рубльге тең болмақ. Дегенмен, 1-тамызда коньяк пен брендидің бағасы бұрынғыдай сақталады.

Сарапшылар осылай жалғаса берсе, босату бағасының да аспандап кететінін айтуда. Бұл өзгеріс Ресей өнімін импорттаушы - Қазақстанның нарығына да әсер етуі мүмкін. Ресей алкоголь өнімдерін реттеу ұйымы баға өсімін салық көлемімен түсіндірді. Мәселен, алкоголь өнімі 9 пайыздан асып кетсе, 500 рулбь салық төлеу міндеттелген. Сондай-ақ, бағаны реттеу елдегі газ және электроэнергия құнының шарықтауымен байланысты.

Сымбат МОЛДАТАЙ