«Мен қарыз төлеуден қашқан жоқпын». Бүгін Алматыда іздеуде жүрген танымал кәсіпкер Талған
Ақуов, баспасөз жиынын өткізіп, осылай деді.
Оның айтуынша, ол осы уақытқа дейін
ауруханада жатқан, оған ота жасалыпты. Тіпті,
ауруханадан алған қағазын дәлел ретінде ақпарат құралдарына көрсетті.
Сондай-ақ, ол, кәсіпкерлер құқығын қорғаумен айналысып жүрген ұйым басшысы -
Николай Каннан 46 млн теңге қарыз ақша алмағанын айтып ақталды.
Оның сөзіне сенсек, қомақты қаржыны
кәсібін дөңгелету үшін басқа бизнесмен несиеге алыпты. Борышкер бұл қаражаттың жартысын ғана қайтарған. Ал, Талғат
Ақуовтың ұйымы бұған кепіл болған.
Талғат Ақуов, тәуелсіз кәсіпкерлер ұйымының жетекшісі:
Барлық құзырлы орындардан келіп тексерді. Тіпті,
борышкерлер үшін қарызды басқа біреулердің төлеп жатқанына таңқалды. Негізінен
Кан ақшасын қайтарып алды. Қазір тек пайыздық үстемақылар төленуі керек. Менің
ойымша, барлығын ушықтырып отырған Канның өзі.