Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Грекия 1 тәулікке жаңалықсыз қалды

AstanaTV
08.04.2014ж. 13:00
924
Грекия 1 тәулікке жаңалықсыз қалды

Грекия бір тәулік бойы жаңалықсыз қалды. Афиныда журналистер көтеріліп, сейсенбінің таңғы алтысынан сәрсенбінің таңына дейін жұмыстарын тоқтатып қойды. Яғни қазір Грекияда телевизия, радио мен желілік басылымдар тынысын тоқтатты. Ертең газеттер де өз жұмысын доғарады.

Тілшілер жалақының дер көзінде төленіп, қысқартулар мен орынсыз жұмыстан шығару жағдайларының тоқтатылуын талап етті. Және жұмысқа қолайлы жағдай туғызуды сұрайды. Ереуілге шыққан журналистерге бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіподақтары қолдау білдірді.

Ақпарат өкілдері 21 ғасырда құл болуға қарсымыз деп, Грекияның «ерекше экономикалық аймаққа» айналуына наразылықтарын білдірді. Бұл шеру ертең болатын жалпыұлттық ереуіл қарсаңында өтті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ