Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматы КСРО және Қазақстанның халық әртісі Рамазан Баповты соңғы сапарға шығарып салды

AstanaTV
13.03.2014ж. 13:00
976
Алматы КСРО және Қазақстанның халық әртісі Рамазан Баповты соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін КСРО және Қазақстанның халық әртісі, даңқты биші, балетмейстер Рамазан Баповты, туыстары, шәкірттері мен өнердегі достары ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұммен қоштасу рәсімі Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Рамазан Бапов 1947-ші жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1966-шы жылы КСРО Үлкен театры жанындағы Мәскеу хореография училищесін үздік тәмамдайды. Шығармашылық қызметін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бастады. Ол бұл жерде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Өз өнерін әлемнің көптеген елінің сахналарында да, паш етті. Ұстаздық қызметпен айналысып, шәкірттер тәрбиеледі.

Рамазан Баповқа еліміздің хореография өнеріндегі сарқылмас еңбегі үшін бірнеше рет жоғары үкіметтік марапаттар берілді. Ол Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, сондай-ақ, «Құрмет белгісі» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. «Аса дарынды балет артисі Рамазан Баповтың жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталады», - дейді оның достары.

Дүйсенбек Нақыпов, марқұмның досы:

Рамазаннан кейін де біздің балет өнеріміз қала береді. Көп жастар шығып жатыр сахнаға. Дүниежүзіне шығып жатыр. Бірақ, үлкен театрда билеген, шетелде билеген, алғашқы қазақ баласы Рамазан болды. Бола
береді.

Досжан ҚАЛИЕВ