«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы тиісті деңгейде жүзеге асып жатқан жоқ. Әсіресе ауыл аймақтарда. Бүгін «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен бағдарламаның өткен жылғы қортындысы сөз етілді. Анық болғандай, 2013 жылы өзін өзі жұмыспен қамтамассыз етіп жүргендердің саны 2,5 миллионға жетті. Оның жартысынан көбі, яғни 1,7 миллионы ауыл аймақ азаматтары. "Сондай-ақ мамандығы жоқ азаматтарды оқыту жұмысында ауыл азаматтардың үлесі небары 20 пайызды құрап отыр. Бұл өте аз", - дейді депутаттар. Олар мемлекет қаражатының ысырап болуына алаңдаулы.
Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы
фракциясының мүшесі:
Мемлекет тарапынан көптеген қаражат жұмсалып отыр. 150 миллиард теңгеге
жуық қаражат 2013 жылы оған жұмсалды. Өз өздерін жұмыспен қамтып жүргендер саны
2,5 миллион адам болатын болса, оның 1 миллион 700 мыңнан астамы ауылдық жерде.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА