Ақтау және Атырау гарнизондарында
орналасқан әскери бөлімдер жоспарлы тексерістен өтті. Оған Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің Бас
қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған комиссия
қатысты.
Жауынгерлер әзірлігі, қару-жарақ пен
әскери техниканың жай-күйі, жеке құрамның жауынгерлік машықтануы тексерілді. Мұнда жойғыш авиация, зениттік зымыран дивизиондары мен
радиолокациялық бөлімшелер әуе кеңістігін күзетуде. Бас қолбасшы
Ақтау және Атырау гарнизондарының атқарған жұмысына оң баға берді, - деп, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сымбат МОЛДАТАЙ