$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Суриков ауылының тұрғындары жергілікті биліктің ұсынысынан бас тартқан

AstanaTV
03.05.2016ж. 20:00
1437
Суриков ауылының тұрғындары жергілікті биліктің  ұсынысынан бас тартқан

Ал, Қостанай облысындағы Суриков ауылында әлі де 14 баспана суда тұр. 6 үй топан судан арылған. Ауылдағы судың деңгейі бүгінде 55 сантиметрге төмендепті. Бұл жайында арнамызға сұқбат берген Қостанай ауданы әкімінің орынбасары айтты.

Шенеуніктің сөзінші, зардап шеккен 19 отбасыға өтемақы берілген. Баспанасын су басқан тұрғындарға 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. 30 айлық есептік көрсеткішке дейін әлеуметтік жәрдемақы төленді, - дейді шенеунік. Баспанамен қамту мәселесі де қарастырылып жатыр. Суриков ауылындағы су басқан үйлерге қаншалықты зақым келгенін арнайы мамандар анықтауға кіріскен.

Аудан басшылары ауыл адамдарына жақын маңдағы елді мекендерден үй алып беруге ұсыныс жасапты. Бірақ тұрғындар өз ауылында қалуды жөн санаған көрінеді. Енді олардың үйлерін жөндеуге аудандық бюджеттен 21 миллион теңге бөлінбек.

Бауыржан  Көпжасаров, Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің орынбасары:

Қайырымдылық есепшотқа түскен қаражаттан көмек көрсетілді. Аудандық бюджеттен сол 21 миллион теңге қарастырылып отыр. Бірақ жергілікті халық су толық кеткен соң өз үйлерінде тұруға ниет білдіріп отыр.

Еске салайық, Қостанай ауданына қарасты Суриков ауылын сәуір айының 12-сі күні су басты. Еріген қар суынан ауыл сыртындағы 4 өзен арнасына симай тасыған. Алпысқа жуық тұрғын мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілген еді. 

Заңғар САНАЙ