Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Эстонияда 10 елдің қатысуымен ауқымды әскери жаттығу басталды

AstanaTV
03.05.2016ж. 20:00
1200
Эстонияда 10 елдің қатысуымен ауқымды әскери жаттығу басталды

Эстонияда «Көктемгі дауыл» атты ауқымды әскери жаттығулар басталды. ТАСС-тың хабарлауынша, оған НАТО елдері өкілдерін қосқанда 6 мыңнан астам сарбаз қатысады. Әскери жаттығулар Ресей шекарасы маңында өтеді және үш аптаға созылмақ. Ресми мәлімдемеге сәйкес, сценарий бойынша дабыл қағылып, әскерилер шұғыл сап түзеуі керек.

Бір қызығы - Эстониядағы жаттығу Пентагон басшысы Эштон Картердің мәлімдемесімен тұспа тұс келді. Ол НАТО-ның 4 батальоны Польша мен Балтық елдеріне орналасатыны туралы айтқан. НАТО-ның Шығыс Еуропадағы жалпы күші 4000 адамға толығады. Сарапшылар Альянстың міндеттері күрт өзгеретінін байқап жатыр. Лаңкестікпен күреске және бейбітішілікті қорғауға бағытталған НАТО-ның әскери күші енді Ресейге қарсы ойысқанын айтады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ