Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Павлодарды да тасқын алды

AstanaTV
01.04.2014ж. 13:00
763
Павлодарды да тасқын алды

Павлодар облысының Баянауыл ауданында да құтқарушылар қызыл сумен алысып жатыр. Бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Қарашы ауылын су басқан. «Қаратоқа» мен «Ақжар» су қоймалары жақтан сарқырап аққан судың ағысы тым қатты болғандықтан, ауыл шетіндегі бөгеттерді шайып жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сай, елді мекенге қосымша техникалар көмекке жұмылдырылды. 400-дей құм толтырылған қаптар дайындалған. Бүгінде ведомствоның жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Жедел топтар тәулік бойы кезекшілік жасауды қолға алды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА