$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда мемлекеттің сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған даму тақырыбы талқыланды

AstanaTV
11.04.2014ж. 20:00
842
Алматыда мемлекеттің сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған даму тақырыбы талқыланды

Алматыда мемлекеттің сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған даму тақырыбы талқыланды. Пікірталасқа Сыртқы істер министрлігі өкілдері, саясаткерлер мен жоғарғы оқу орындары басшылары қатысты. Ерлан Ыдырысов сыртқы саясаттың даму концепциясы Президенттің "2050" стратегиялық бағдарламасында айтылған талаптарға сай жасақталғанын атап өтті.

Қазақстан Ресей және Қытаймен сыйлас көршілік байланысты нығайтуды көздейді. Әріптестік қарым-қатынас - экономика, сауда, инвестиция, технология мен мәдениет бағытында дамитын болады. Сондай-ақ Орта Азия елдерімен қатынасты арттыруға да мүдделі. Тұрақтылықты сақтауда даулы мәселелерді азайту, су-энергиялық келіспеушіліктерді жою мен шекаралас мемлекеттер тарапынан шиеленістерге қарсы тұруға күш салынады.

Қазақстан Бірыңғай экономикалық одақ құру мақсатында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайта түспек. Экономикалық шешімдердің принциптері - өзара тиімділік, саяси тәуелсіздік және біріккен салаларда тараптардың тең өкілдігі - қатаң сақталатын болады.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қазір сыртқы саясатты экономизациялау басты назарда. Біздің сыртқы саяси ведомство және шекаралық мекемелер сындарлы экономикалық тәсілге бағытталған. Елімізге заманауи технология және білікті мамандармен әріптестік орнату нәтижесінде инвестиция тартуымыз керек.

Базаргүл ІЗІМОВА