Астанада белгісіз ер адам пойыз
астына түсіп қалды. Оқиға Қырқыншы стансаның
аумағындағы болған. Осы маңда теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған
ер адам «Петропавл-Алматы» бағытындағы «Тальго» электр пойызының астында қалып
қаза тапты. Әзірге марқұмның жеке басы туралы
мәліметтер анықталуда.
Сондай-ақ, кешегі тәулікте Астанада 6 құрылысшы
биіктіктен құлап, жарақат алды. Олардың барлығы қазір ауруханада жатыр.
Илхам ИБРАГИМ