$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда республикалық «Таза мекен» акциясы болып өтті

AstanaTV
14.04.2014ж. 10:00
1802
Алматыда республикалық «Таза мекен» акциясы болып өтті

Демалыс күндері Алматыда республикалық «Таза мекен» акциясы өтті. «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке мектеп оқушылары, қалалық маслихат депутаттары, студенттер мен түрлі жастар ұйымдары, сондай-ақ, танымал әншілер қатысты. Олардың барлығы таңмен таласа тұрып, көше бойларын күл-қоқыстан тазартты, тал екті. Барлығы 100-ге жуық көшет отырғызылды.

Игілікті істен ата-апаларымыз да шет қалмады. Қайратпен іс қылмаса да, ақыл айтып, жастарды еңбекке баулыды. Артынан барлығы ортақ дастарқаннан дәм татып, кішігірім концерт тамашалады.

Бүгінгі бұл шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, және патриотизмді қалыптастыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.

Досжан ҚАЛИЕВ