$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Президент Қазақстан және Ресей ТЖ қызметтерінің шекарадан жеңіл өтуі туралы заңға қол қойды

AstanaTV
15.04.2014ж. 10:00
769
Президент Қазақстан және Ресей ТЖ қызметтерінің шекарадан жеңіл өтуі туралы заңға қол қойды

Енді төтенше жағдай орын ала қалғанда, Қазақстан мен Ресей құтқарушылары шекарадан еш кедергісіз өтіп, бір-біріне көмектеспек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы заңнамаларды жетілдіруге, бағытталған «Азаматтық қорғау туралы» заңға қол қойды.

Құтқарушылардың шекарадан өтуін жеңілдету мақсатында, шекара сақшыларына олардың аты-жөні мен алып өтетін құрал-жабдықтарының тізімі берілуі тиіс. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы төтенше жағдайлар және зiлзалалардың қауiп-қатерiн азайту жөнiндегi орталықты құру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасына қол қойды. Орталық Алматы қаласында құрылып, екі ел тарыпынан, донорлардың және қайырымдылық есебінен қаржыландырылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ