$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық қарым-қатынас жанданбақ

AstanaTV
16.04.2014ж. 10:00
3250
Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық қарым-қатынас жанданбақ

Қазақстан Украинамен экономикалық қарым-қатынастарды қайта жандандырады. Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мәскеуде өткен Ресей, Беларусь және Қазақстан үкіметтері басшыларының басқосуында мәлімдеді, - деп «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Үш мемлекеттің үкімет басшылары Ресей астанасында Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерін талқылау мақсатында жиналған болатын.

«Украина-Қазақстан ара-қатынасына келетін болсақ, бүгін таңертенмен Украинанының премьер-министрінің міндетін орындаушы Яценюкпен телефон арқылы сөйлескенімді айтқым келеді. Әңгіме барысында екі елдің экономикалық қарым-қатынасын қайта қалпына келтіру жөнінде мәмілеге келдік», - деді Қазақстан Премьер-министрі.

Сондай-ақ, Масимовтың сөзінше, барлық елдердің мүдделерін ескере отырып үкіметаралық қатынас та реттелуі мүмкін.