Adv pic
$475.96 €506.95 ₽4.96
×

Зейнеткер кеншілердің зейнетақысы туралы мәселе заңға сай қаралады

AstanaTV
17.04.2014ж. 20:00
875
Зейнеткер кеншілердің зейнетақысы туралы мәселе заңға сай қаралады

Шығыстық кеншілердің зейнетақыға қатысты шағымынан облыс басшылығы хабардар. Бұл жөнінде арнайы сапармен Астанада жүрген аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев түсініктеме берді. Өңір басшысының айтуынша, зейнеткер кеншілердің зейнетақысы туралы мәселе заңға сай қаралады. 

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Қазақстанда 20 мың теңге мөлшерінде зейнетақы жоқ. Білуімше, елдегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 32 мың теңге. Жалпы зейнетақы көлемі жалақы мен еңбек өтіліне байланысты есептелетінін жақсы білесіздер. Ал оның мөлшерін қайта қарау мәселесіне келсек, жуырда ғана тиісті заңдарға түзету енгізілді. Енді соған сай өзгерістер үкіметте қаралып жатыр.

Еске салайық, зейнетке 1998 жылға дейін шыққан Зырянь қаласының бір топ тұрғыны зейнетақыларын көтеруді талап еткен болатын. Біздің арна тілшілеріне жүгінген азаматтар Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өтінішімізге құлақ асады деп үміттенеді. Өмір бойғы ауыр еңбек үшін мемлекет тарапынан төленетін зейнетақының мұнша аздығы ардагер кеншілердің ашу ызасын тудырған. 

Қариялар аз ғана қаржыға не тамақ, не дәрі-дәрмек аларымызды білмейміз деп күйінеді. "30 жылдан астам шахтада еңбек еттік, алатын зейнетақымыз 17 мың теңге", - деп ашынған кеншілердің жайын кешегі жаңалықтарымызда айтқан едік. Олар зейнетақыны қайта қарауды ұсынып отыр. Бұл үшін арнайы жұмыс тобын құру керек деп есептейді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА