Лондонда Солтүстік Корея көсемі - Ким
Чен Ынның суретіне қатысты ши шықты. Оның ерекше шаш үлгісі болса қатты ұнаса
керек, Лондондағы шаштараздардың бірі Ким Чен Ынның суретін жарнама ретінде
қолданып жіберіпті. Салон сыртындағы суреттің
астында, сәуір айында ерлердің шашын қиюға 15% жеңілдік
берілетін, жазулы тұр. Идея
авторы - шаштараз қожайыны.
Оның айтуынша, ерекше жарнама
арқасында келіп-кетушер саны артқан. Алайда
кәсіпкер Солтүстік Корея елшілігі салоннан бірнеше қадам жерде орналасқанын
білмепті. Мұны көре сала елшіліктегілер алып тастауды айтқан. Тіпті шара
қолдануды талап етуде. Бірақ қожайын Ким Чен Ынның суретін алып тастағысы жоқ.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ