$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Алматыда Т.Кулибаевтің төрағалығымен аймақтың кеңес отырысы өтті

AstanaTV
18.04.2014ж. 13:00
1174
Алматыда Т.Кулибаевтің төрағалығымен аймақтың кеңес отырысы өтті

Енді «Бизнесті Президенттік қорғау» веб-сайтына келген арыз-шағымдар автоматты түрде Ұлттық Палатаға түсіп отырады. Бұл туралы Алматыда өткен Кәсіпкерлер Палатасының аймақтық кеңесінде айтылды.

Жиынға қатысқан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының төрағасы Тимур Кулибаев ұйым жұмыс берушілердің арнайы орталықтарын құруға белсене ат салысатынын жеткізді. Ол, орталықтар оқу орындары түлектерінің білім сапасын тәуелсіз бағалап отырады.

Айта өтейік, өткен аптада Президент төрағалығымен өткен ұлттық инвестордар жиынына Елбасы Ұлттық Палатаға бизнесті қорғау бойынша нақты тапсырмалар жүктеген еді.

Тимур Кулибаев, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының төрағасы:

Бизнесті қорғауда Ұлттық Палата рөлінің арттырылып отырғаны және бизнес омбудсмендер институтының енгізіліп жатқаны - Президенттің Ұлттық Палатаға деген жоғары сенімін көрсетеді. Бұл біздің қызметіміздің сапасын арттыруға жақсы жағдай екенін атап өткім келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ