Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде еуропалық стандарттарға сай қоқыс полигондары пайда болады

AstanaTV
21.04.2014ж. 20:00
973
Елімізде еуропалық стандарттарға сай қоқыс полигондары пайда болады

Елімізде еуропалық стандарттарға сай қоқыс полигондары пайда болады. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Біздегі жарамсыз техника елді мекендер маңындағы полигондар мен қоқыс тастайтын жерлерге шығарылады. Ал мұндай қалдықтар қоршаған ортаға зиян, адам денсаулығына қауіпті.

Енді Үкімет БҰҰ Даму бағдарламасы және «Samsung Electronics» компаниясымен бірлесіп, электронды қалдықтарды басқару жөніндегі бірлескен жоба бастамақ. Оған сай қоқыс ел аумағынан шығарылады. Кейін Шығыс Қазақстанда қоқыс жоятын арнайы зауыт салынбақ. Айта өтейік, 2000-2010 жылдар арасында елімізге 3 миллион компьютер жеткізілді. Оның тең жартысы электрондық қалдыққа айналған. 

Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:

Жобаның мақсаты электронды қалдықтарды басқару механизмдерін құру. Атап айтсақ, ұялы телефондарды қауіпсіз тәсілдермен кәдеге жарату мәселелерін шешу. Қалдықтардың екінші айналымға түсуі мен оларды кәдеге жарату бүкіл әлем үшін маңызды мәселе.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА