$457.29 €490.35 ₽5.97
×

ТҮКШ саласында заң бұзушылықтар мен жемқорлық фактілері артып келеді

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
779
ТҮКШ саласында заң бұзушылықтар мен жемқорлық фактілері артып келеді

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы саласында заң бұзушылықтар мен жемқорлық фактілер жыл санап еселеп артып келеді. «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерін бұл жағдай аса алаңдатып отыр.

Айтуларынша, қоғамдық қабылдауға келіп түсетін шағымдардың басым көпшілігі баспана мен коммуналды шарушылық саласына қатысты. Тек осы жылдың алғашқы тоқсанында 954 арыз түскен. Бірнеше қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал сыбайлас жемқорлық фактілері соңғы екі жылда 25-тен 61 қылмыстық іске дейін ұлғайған.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі:

2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылғы мына сыбайластық тіпті заң бұзушылықтан тысқары қылмыстың өзі өсіп отыр екі жарым есеге дейін. Кеңес арқылы тиісті органдарға осы мәселені жөндеп, күрделеніп отырған шаруаның алдын алатындай шараларды қарастыруды белгілеп отырмыз. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах