Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстанда биыл бидай экспортының көлемі 10 млн тоннаға жуықтайды

AstanaTV
23.04.2014ж. 20:00
1439
Қазақстанда биыл бидай экспортының көлемі 10 млн тоннаға жуықтайды

Қазақстанда биыл бидай экспортының көлемі 10 миллион тоннаға жуықтайды деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллиондай тоннаға артық. Еліміз әлем бойынша бидай саудасы үлесінің 5% қамтиды. Ал астық өндірісі жөнінен дүние жүзі елдері арасында 7 орында тұр.

Астықты сыртқа саудалаудан мемлекет қазынасына түсетін табыс соңғы жылдары 2 есеге артқан. Бұл ақпаратты "Азық-түлік келісім шарт корпорациясының" атқарушы директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында журналистерге жеткізді.

Нұрбек Дайырбеков, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры:

Біздің қолымызда бар статистикалық мәліметтер бойынша, 2013 жылы бидай экспортынан түскен табыс 1,2 млрд долларды құрады. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жетер-жетпес көлемде болатын.

Бидай экспортын жандандыру мақсатында Қытай мен Иранға тасымалданатын астық көлемін көбейту көзделген. Бұған дейін көршілес Қытай елі жалпы өндірілген астықтың 1% ғана алса, енді ол 4%-ға жетеді. Иранға экспортталатын бидайдың үлесі 14% болады деп жоспарланып отыр. Бұған ыңғайлы географиялық орналасуымыз мүмкіндік береді.

Елдің батыс аумағы Түркіменстан арқылы Иранмен темір жол арқылы байланысып, одан әрі Парсы шығанағы елдерінің нарығына шыға аламыз. Болашақта Түркіменстан-Иран және Қытай-Қазақстан шекараларында отандық бидай терминалдарының құрылысы жоспарлануда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

Алдыңғы жаңалық