$447.14 €500.35 ₽5.24

Астанада «Шапағат» базарының жанында әйел адамның мәйіті табылды

Астанада «Шапағат» базарының жанында әйел адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

47 жастағы әйел адам жедел жәрдем келгенше жантәсілім еткен

Астанада «Шапағат» базарының жанында әйел адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиғаны Полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды  Astana TV. 

Желіде тараған мәліметтерде әйел адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Сауда орталығының маңында 47 жастағы әйел адамның денесі табылды. Оның мәйітінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адамның жағдайы аяқасты нашарлаған. Жедел жәрдем келгенше жантәсілім етті», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Полиция департаменті әйел адамды өлтіріп кеткені туралы жалған ақпарат таратпау керектігін ескертті.