Бүгін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің арасында ЖИ бойынша серіктестік орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Astana TV.
Тоқаев алдымен жасанды интеллектіні дамыту бағытында Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарын жіктеп өтті.
«Қазақстан жасанды интеллектінің біртұтас экожүйесін дәйекті түрде құра бастады. «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Digital Qazaqstan стратегиясы жүзеге асырылуда. Суперкомпьютер кластері іске қосылды. Alem.ai халықаралық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл тақырып өте өзекті», - деді Тоқаев.
Міне, осыларды ескере отырып, Қазақстан президенті мәлім еткендей, жасанды интеллект бойынша Орталық Азия серіктестігін құру мүмкіндігін қарастыру керек. Тоқаев өз сөзінде бұны нақты ұсынды.
Ал бұл серіктестік не істейді дегенге келгенде Тоқаев осы серіктестіктің арқасында Орталық Азиядағы елдердің ғылыми орталықтары, университеттері, технологиялық компаниялары ақпарат пен тәжірибе алмаса алады деп санайды.