$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Өскемен қаласы Mini EXPO 2014 шарасын өткізуге дайындалуда

AstanaTV
30.04.2014ж. 10:00
806
Өскемен қаласы Mini EXPO 2014 шарасын өткізуге дайындалуда

Өскемен қаласы Mini EXPO 2014 шарасын өткізуге дайындалуда.

Еске салайық, 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» халықаралық конкурсы өтеді. Бұл жоба сол ірі шараға дайындық болып табылады.

26-мамырда Шығыс Қазақстан облыс орталығында «Жасыл технологиялар» шарасы өтеді. Жобаға 18 мемлекеттің өкілдері қатысады. Іс-шараға қатысуға ниет білдіргендер арасында «Нобель» сыйлығының лауреаты Жорес Алферов пен Масато Сагава. Германияның ғалымдары Клаус Тиссен мен Джузеппе Эрамо бар.

Қазіргі уақытта шараға қатысушылар 86 жобаны әкелді. Олардың тақырыбы: «Электр жарығын үнемдеу мен энергияны қалпына келтіру», «Экологиялық қауіпсіздк пен Жасыл технологиялар». Комиссия мүшелері қызықты деген 21 жобаны таңдап алды. Жеңімпаздар 350 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Бұл қаражат жобалардың нұсқасын жасауға жұмсалады.

Mini EXPO 2014 ұйымдастырушыларының ақпаратына сәйкес, қатысушылардың құқығы толық сақталады. Олар жіберген жобаларды қайталып, басқа біреулердің иеленіп алуына тиым салынады. Шараның мақсаты - жаңа технологиялар саласын дамыту болып табылады.

Данияр Тоқтарбаев
, Mini EXPO 2014 жобасының координаторы:

EXPO-ға қатысушылардың басым бөлігі жобаларын шет елге жіберуден бас тартты. Біріншіден жаңа технологиялар елімізде қалып, өзімізде іске асырылу қажет. Сондықтан
, қауіпсіздік шаралары толық сақталып отыр. Жоба жіберілген күннің өзінде ол жайлы толық ақпарат берілмеген.

Самат ҚАНАҒАТОВ