$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Венесуэланың мыңдаған студенттері наразылық акциясын ұйымдастыруда

AstanaTV
30.04.2014ж. 10:00
799
Венесуэланың мыңдаған студенттері наразылық акциясын ұйымдастыруда

Венесуэлада мыңдаған студенттер наразылық акциясын ұйымдастыруда. Бұған дейін үкіметке қарсы шыққан тәлімгерлер енді жоғарғы сот шешіміне наразы.

Наразылық акциялары мен ереуілге шыққандардың әрекеті заңға қайшы. Ұйымдастырушылар алдын ала үкіметтік орындардан рұқсат алу қажет. Өз кезегінде студенттер бұл шешіммен келіспейді. Қалалардың бірінде жастар өздерін темір құрсауға бекітіп тастады.

Олардың пайымдауынша, сот шешімін өзгертпей, мұндай акцияларды жалғастыра беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада наразылық шаралары ақпан айында басталды. Ереуілге шыққандар ел экономиясының қалыпты дамуын талап етуде. Осы аралықта қақтығыстар орын алды. Салдарынан 41 адам қаза тауып, 700-ден аса тұрғын дене жарақатын алды. Тәртіп сақшылары 2 мыңнан аса адамды тұтқындады. Олардың 200-ге жуығы темір торға бекітілді.

Самат ҚАНАҒАТОВ