Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оңтүстікте ауа температурасы 37 градусқа көтерілді

AstanaTV
07.05.2014ж. 20:00
1223
Оңтүстікте ауа температурасы 37 градусқа көтерілді

Шымкентте аптап ыстық. Жаз басталмай жатып мұнда күн күйіп тұр. «Қазгидромет» орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгін оңтүстікте ауа температурасы + 37 градусқа көтерілді. 

Аптап ыстыққа шыдамаған жас балалар суға түсуді бастап та кетті. Әсіресе қала орталығында тұратын жандар су бұрқақтарының астына шомылып рахаттануда. Үлкен-кіші түгелімен салқын судың маңынан сая тапқандай. Мерекені тойлауға шыққан қала жұртшылығының дені көлеңке іздеп әлек.

Бүгін кешеге қарағанда күн ыстық. Сондықтан да немерелерімді, балаларымды мына фонтанның қасына шомылдыруға әкелдім, өзім де келдім .


Айта кетейік, өңірде соңғы бір аптада күн күрт ысып кетті. Тұрғындар мамыр айы басталғалы бері аптап ыстықты сезініп жүргенін алға тартады. Нәзік жандылар күннен қорғану үшін тіпті қолшатыр ұстап алған. "Ғаламтордағы мәліметтер Шымкентте 30, 31 градус нөлден жоғары деп көрсеткенімен, көктемнің соңғы айы тым ыстықпен басталды" , - дейді жергілікті халық.

Бүгін өте ыстық. Содан кейін зонтик алдым. -Қалай, шыдау мүмкін бе? Қанша деп есіттіңіз?  -Қайдам, бүгін 36 градус боған шығар. Мен аномальный деп ойлаймын. 

Ауа-райы бүгін өте ыстық. Мысалыға, түс болмай жатып бүгін күн +37 болады деп жатқан еді. Өте ыстық. Осы көлеңке жағалап жүрміз сіңлім екеуміз.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ