$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Алматыда Жеңіс мерекесіне орай шара өтті

AstanaTV
09.05.2014ж. 13:00
1265
Алматыда Жеңіс мерекесіне орай шара өтті

Алматыда да мерекелік шара таңмен басталды. Жеңіс күнін атап өту үшін мыңдаған алматылық "28 панфиловшылар" саябағында бас қосты. Даңқты батырлар құрметіне "Мәңгілік алау" басына гүл шоқтары қойылып, майдангерлер рухына тағзым етілді.

Салтанатты шара қала әкімі Ахметжан Есімовтің құттықтауымен ашылды. «Майданнан хат» деп аталатын арнайы концертпен жалғасын тапты. Өнер жұлдыздары мен әскери оркестрдің орындауында майдан даласында шырқалған әуендер ойналды. Ал қарт сарбаздар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Еліміздегі 6 мыңға жуық соғыс және тыл ардагерлерінің 1 мың 300-і қазір Алматыда өмір сүріп жатыр. Олардың 150-і әйел.

Ақылбай Нарматов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Жеңісті мен Германияда қарсы алдым, Ситор деген қалада. Содан арғы жағымыздан америкалықтар келді, Берлиннің маңына. Президент Турманның өзі келді, сосын сол жеңістен көп ұзамай үйге оралдым.

Нұрманғали Масимов, еңбек ардагері:

Бүгінгі Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Менің әкем өзі соғысқа сұранып, танкист болып майданда қан кешті. Мен сол кезде 9 жаста едім. Содан кейін жастайымнан еңбекке араластым. Еңбек
ардагерімін.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ