$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жер реформалары қоғамдық кеңес форматында билік пен белсенді азаматтардың араласуымен қайта қаралады

AstanaTV
12.05.2016ж. 20:00
1758
Жер реформалары қоғамдық кеңес форматында билік пен белсенді азаматтардың араласуымен қайта қаралады

Мемлекет басшысы мораторий жариялаған Жер қатынастары туралы заңы мемлекеттік комиссиямен қатар азаматтық қоғамның араласуымен қоғамдық кеңесте жан-жақты қаралуы тиіс.

Бұндай пікірді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров білдірді. Қоғамдық кеңестер туралы заң авторы, бұл институттың о бастағы міндеті - халықтың пікірін билік құлағына жеткізу еді, - дейді. Депутаттар сонымен қатар белсенді жастарды виртуалды әлемнің көлеңкесінен шығып, қоғам өміріне араласуға шақырды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Әлеуметтік желілерде отыратын жастар көп. Егер де олар шынымен белсенді, ұлтжанды болса, неліктен өзекті мәселелерді қоғамдық кеңестер алаңында ашық талқылауға қатыспасқа. Ашық мемлекетті біріге, көлеңкені тасаламай құруға шықырамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ