$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды

AstanaTV
12.05.2016ж. 20:00
2168
Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды

Алматыдағы Медеу-Шымбұлаққа баратын тас жол жабылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жауын-шашынның көп түсуінен Мохнатка тауында жер қыртысы ылғалданып, арты көшкінге айналған. Лай басып қалған жолдардың тазартылуына орай, қауіпсіздік үшін тауға баратын жолдар жабылған. 

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:

Жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар бітпегенше жол ашылмайды.  Қазіргі кезде ол жерде 4 бірлік техника, 10 «Қазселденқорғаудан» қызметкерлері,  аудан және  төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеуде. «Қазселденқорғаудан» ешқандай  лай көшкіні болуы-болмауы туралы қосымша  ақпарат  келіп түскен жоқ.

Еске салайық, кеше Медеу ауданы аумағындағы Мохнатка тауының шығыс бөктерінде тас араласқан лай көшкіні жүрді. Осының салдарынан шашамен 700 текше метр лай түсіп, оның 200-і Медеу-Шымбұлақ жолын басып қалған еді. Дегенмен «Қазселденқұтқару» мекемесі өкілдері қауіптің сейілгенін айтады. 

Айгүл ЕРМАХАН